Әйелдер саны бойынша Алматы көш бастап тұр

© Sputnik/Ертай Сарбасов1 мая в Алматы
1 мая в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Жазылу
Қазақстанда соңғы 10 жылда әйелдер саны 15%-ға өскен
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Қазақстанда 10 381 377 әйел тұрады, бұл жалпы халық санының 51,1%-і, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Нәзік жандылардың 64,4%-ы қалаларда, 35,6%-ы – ауылдық жерлерде тұрады.
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр. Онда 1,2 млн әйел тұрады. Екінші орында 1 млн аруы бар Түркістан облысы, ал үшінші орында 803 мың әйел тұратын Астана.
Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған. Өсім – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.
Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 миллионы – 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны – 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны – 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы –34,1 жас.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.
Токаев поздравил женщин Казахстана с 8 марта - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Тоқаев қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0