Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Келлог Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтату жөнінде пікір білдірді

© Photo : РИА "Новости"Российские Вооруженные Силы нанесли удар ВСУ
Российские Вооруженные Силы нанесли удар ВСУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 наурыз - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты 24 сағат ішінде аяқтауға уәде берді, бірақ қай күні екенін нақтылаған. Бұл туралы Ақ үй басшысының Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес конференциясы кезінде айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
"Трамп Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде аяқтауға уәде берді, бірақ біз оның қай жылы және қай күні екенін нақтылаған жоқпыз", — деді ол залда күліп.
Трамп егер Джо Байденнің орнына АҚШ президенті болса, Украинадағы қақтығыс ешқашан басталмас еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол қайта сайланса, Ресей мен Украина арасындағы жанжалды 24 сағаттың ішінде шешуге ниетті екенін баса айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөздеріне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығысты бір күнде шешу өте қиын мәселе деп атады.
Өткен жұмада Вашингтонда Трамп, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс және Зеленскийдің кездесуі жанжалға ұласты. Ақ үй басшысы Украинаның әскери операцияларды жалғастыруға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Зеленский дауласуға тырысып, Киевтің Ресеймен жалғыз соғысып жатқанын жеткізді. Fox News хабарлағандай, АҚШ президенті оны қақтығыстан кейін Ақ үйден қуып жіберген.
Кейін АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Киев режимінің басшысы есін жиып, келіссөз үстеліне оралуы керек, әйтпесе Украинаны басқа біреу басқаруы керек деп мәлімдеді.
Флаг США - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Рубио Украина СІМ басшысын бейбітшілік жолында қадамдар жасауға шақырды
Жаңалықтар
0