https://sputnik.kz/20250308/rubio-ukraina-sim-basshysyn-beybitshilik-zholynda-qadamdar-zhasauga-shaqyrdy-51448634.html
Рубио Украина СІМ басшысын бейбітшілік жолында қадамдар жасауға шақырды
Рубио Украина СІМ басшысын бейбітшілік жолында қадамдар жасауға шақырды
Sputnik Қазақстан
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті 08.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-08T12:51+0500
2025-03-08T12:51+0500
2025-03-08T12:51+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
украина
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_0:320:3071:2047_1920x0_80_0_0_ce1359523c0d7227ee3f377cb8b2b2c5.jpg.webp
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесу кезінде Киев тұрақты бейбітшілік жолында қадамдар жасауы керек деді.Бейсенбіде Рубио Украинадағы қақтығыс Мәскеу мен Вашингтон арасындағы прокси соғыс екенін мойындады. Оның айтуынша, жағдай тұйыққа тірелді және бұл текетіресті тоқтату керек.Путинніңбаспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдемеге түсініктеме бере отырып, Ресей қақтығысты тоқтататын уақыт келгенімен келісетінін айтты.Бұл ретте АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның бітімгершілік үдерісіне дайын екеніне бірнеше рет күмән келтіріп, бұл мәселеде оның берік ұстанымына қарамастан, Киевпен емес, Мәскеумен өзара әрекеттесу әлдеқайда жеңіл екенін баса айтты.Сейсенбі күні Fox News Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамп Киев бейбіт келіссөздер жүргізуге бейілді деген шешімге келгенше Украинаға барлық әскери көмек көрсетуді тоқтататынын хабарлады. Пентагон бұл шешімді РИА Новостиге растады.Кремль атап өткендей, Американың Украинаға қару-жарақ жеткізуін тоқтату Киевтің бейбіт реттеуге ұмтылуы мүмкін деген үміт береді.
ақш
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_f2375467f73eca53a089ceeaf27e4bc2.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, украина
Рубио Украина СІМ басшысын бейбітшілік жолында қадамдар жасауға шақырды
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесу кезінде Киев тұрақты бейбітшілік жолында қадамдар жасауы керек деді.
"Мемлекеттік хатшы Марко Рубио бүгін Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті. Ниетті екенін баса айтты және барлық тарап тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы керек екенін атап өтті", - делінген мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.
Бейсенбіде Рубио Украинадағы қақтығыс Мәскеу мен Вашингтон арасындағы прокси соғыс екенін мойындады. Оның айтуынша, жағдай тұйыққа тірелді және бұл текетіресті тоқтату керек.
Путинніңбаспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдемеге түсініктеме бере отырып, Ресей қақтығысты тоқтататын уақыт келгенімен келісетінін айтты.
Бұл ретте АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның бітімгершілік үдерісіне дайын екеніне бірнеше рет күмән келтіріп, бұл мәселеде оның берік ұстанымына қарамастан, Киевпен емес, Мәскеумен өзара әрекеттесу әлдеқайда жеңіл екенін баса айтты.
Сейсенбі күні Fox News Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамп Киев бейбіт келіссөздер жүргізуге бейілді деген шешімге келгенше Украинаға барлық әскери көмек көрсетуді тоқтататынын хабарлады. Пентагон бұл шешімді РИА Новостиге растады.
Кремль атап өткендей, Американың Украинаға қару-жарақ жеткізуін тоқтату Киевтің бейбіт реттеуге ұмтылуы мүмкін деген үміт береді.