https://sputnik.kz/20250308/abay-oblysynda-qurylysy-ayaqtalgan-zhayly-mektepter-ali-paydalanuga-berilmegen-51451554.html
Абай облысында құрылысы аяқталған жайлы мектептер әлі пайдалануға берілмеген
Абай облысында құрылысы аяқталған жайлы мектептер әлі пайдалануға берілмеген
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімі Берік Уәли "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан оқу ордаларының құрылысын сынға алды 08.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-08T15:32+0500
2025-03-08T15:32+0500
2025-03-08T15:32+0500
абай облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/03/08/51451025_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_88e67a76c72b41552847021dcf08cc17.jpg
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан мектептердің құрылысын сынға алды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.Облыс әкімі Семей қаласында "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан екі мектептің құрылысымен танысты.Оқу процесі биылғы оқу жылының 4-інші тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр. Нысанға тапсырыс беруші "Samruk Kazyna Construction" АҚ өкілдері облыс әкіміне телефон желісі тартылмағандықтан мектепті қолданысқа бере алмай отырғанын айтты.Аймақ басшысы Водный кентіндегі "Жайлы мектеп" бағдарламасымен бой көтерген 600 орындық мектептің құрылыс барысымен де танысты."Бұл білім ордасы электр желілерінің жоқтығынан жергілікті атқарушы органдардың балансына берілмеген", - дейді облыстық әкімдік.Облыс әкімі құрылыс басқармасының басшысына екі мектептің құрылысын қатаң бақылауға алып, әр апта сайын жағдайды баяндап отыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20241220/biyl-zhayly-mektep-zhobasy-ayasynda-41-mektep-paydalanuga-berildi-49427663.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/08/51451025_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_36a7e5e7ff1b23bda0e5e9d305d468b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, мектеп
Абай облысында құрылысы аяқталған жайлы мектептер әлі пайдалануға берілмеген
Облыс әкімі Берік Уәли "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан оқу ордаларының құрылысын сынға алды
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан мектептердің құрылысын сынға алды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Облыс әкімі Семей қаласында "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан екі мектептің құрылысымен танысты.
"Қарағайлы ықшам ауданындағы 1200 орындық білім ордасының құрылысы аяқталғанымен жергілікті атқарушы органдардың балансына әлі берілмеген", - дейді ведомство.
Оқу процесі биылғы оқу жылының 4-інші тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр. Нысанға тапсырыс беруші "Samruk Kazyna Construction" АҚ өкілдері облыс әкіміне телефон желісі тартылмағандықтан мектепті қолданысқа бере алмай отырғанын айтты.
Аймақ басшысы Водный кентіндегі "Жайлы мектеп" бағдарламасымен бой көтерген 600 орындық мектептің құрылыс барысымен де танысты.
"Бұл білім ордасы электр желілерінің жоқтығынан жергілікті атқарушы органдардың балансына берілмеген", - дейді облыстық әкімдік.
Облыс әкімі құрылыс басқармасының басшысына екі мектептің құрылысын қатаң бақылауға алып, әр апта сайын жағдайды баяндап отыруды тапсырды.