Қатар іздеу жарияланған Қазақстан азаматтарын қайтарады – заң президентке жіберілді

© Sputnik / италий Белоусов / Медиабанкке өтуВид на столицу Катара - город Доха, архивное фото
Вид на столицу Катара - город Доха, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Сенат "Қазақстан Республикасы мен Қатар мемлекті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациалау туралы" заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімге сәйкес, қылмыс жасағаннан кейін Қатарда жасырынып жүрген азаматтар елге қайтарылады. Сол сияқты Қазақстан да кемінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе одан да қатаң жазаға кесілген адамдарды сұрау салу негізінде ұстап береді.
Келісімде ұстап беруден бас тартудың нақты себептері де көрсетілген.
Сондай-ақ сенаторлар Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заңды да мақұлдады.
Осы келісім аясында екі елдің ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін құқықтық көмектің кез келген түрін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Олар:
тараптардың құзыретті органдарына куәлардың, жәбірленушілердің және сарапшылардың келуін қамтамасыз ету;
қамақтағы адамдарды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарды уақытша беру;
құжаттарды немесе шақыру қағазын табыс ету;
тінту және алу;
тінтуді, мүлікті алу немесе тәркілеу рәсімдеріне жәрдемдесу.
Ал көмек көрсету туралы өтінішті орындау ұлттық заңнамаға немесе халықаралық міндеттемелерге қайшы келсе, не сұрау салынатын тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа да маңызды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген құқық бұзушылық саяси немесе соған байланысты қылмыс болып табылса, оны орындаудан бас тартуға мүмкіндік бар.
Оңтүстік Кореядағы полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Кореяда депортациядан қашып кеткен Қазақстан азаматы полицияға өзі келді
Жаңалықтар
0