Кореяда депортациядан қашып кеткен Қазақстан азаматы полицияға өзі келді

© AP Photo / Ahn Young-joonОңтүстік Кореядағы полиция қызметкері
Оңтүстік Кореядағы полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Кореяда үш күн бойы іздеуде болған Нұрсұлтан Ырысбаев полицияға өз еркімен келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған екінші қазақстандық Корея полициясына өз еркімен келді. Қазақстанның елшілігі осы мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр және отандастарымызға барлық қажетті консультациялық-құқықтық көмек көрсетеді", - деді Смадияров.

Айта кетері, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазасқтан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кеткен. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Біреуі ұсталды. Ал екіншісі қашып кеткен. Екеуі Ташкент жақтан ұшып барған. Бірақ әуежайдағы кедендік бақылаудан өте алмаған.
Іздеу шараларына қатысқан блогер Самат Ахметжановтың айтуынша, бірінші болып ұсталған Үмітжан сотталмайды. Бір аптаның ішінде оны елге қайтарады.
"Біздің негізгі мақсатымыз – Кореяның түрмесін қазақстандықтармен толтырмау", - деді Ахметжанов.
Айта кетері, Инчхон әуежайынан қашып кеткен екінші қазақстандық – Нұрсұлтан Ырысбаевқа іздеу жарияланған болатын. Ол туралы ақпарат бергені үшін ірі көлемде 30 миллион вон (10 миллионнан астам теңге) ақшалай сыйақы да тағайындалды.
Жаңалықтар
0