Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланды

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Нығматулин шетелде жасырынып жүр. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.
"Халықаралық іздеу тек Интерпол арқылы атқарылады. Біздің тарапымыздан қызыл бюллетень жарияланады. Интерпол соған қарап, ол адамды анықтаса, бірден хабар береді", - деді Шындалиев сенатта өткен брифингте.
Нығматулинге 3 ақпанда іздеу жарияланған болатын. Ол Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын адамдар тобымен жымқырғаны үшін айыпталып отыр.
Айта кетері, бүгінгі брифингте Шындалиев LRT ісі бойынша шетелде жасырынып жүрген екі басшының неге ұсталмай жатқанын түсіндірді. Оларға да Интерпол арқылы іздеу салынған.
Астана LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
LRT-ның бұрынғы басшысы неге ұсталмай жатыр – Шындалиев жауап берді
Жаңалықтар
0