https://sputnik.kz/20250305/qazaqstan-qytay-men-resey-arasyndagy-senimdi-kopirge-aynaluy-kerek-sarapshy-51359101.html
Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы сенімді көпірге айналуы керек –сарапшы
Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы сенімді көпірге айналуы керек –сарапшы
Sputnik Қазақстан
"Валдай" халықаралық клубында Орталық Азия бойынша ашық диалог өтіп жатыр 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T12:21+0500
2025-03-05T12:21+0500
2025-03-05T12:21+0500
қазақстан
ресей
орталық азия
қытай
https://sputnik.kz/img/830/96/8309687_0:86:3000:1774_1920x0_80_0_0_e46bff1157be9a8351d5d97bf4a9277b.jpg
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы сенімді көпірге айналуы тиіс, деп мәлім етті Қазақстан-Германия университетінің халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры Болат Сұлтанов.Ол "Валдай" клубында өтіп жатқан V Орталық Азия бойынша конференцияда Қазақстанға Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынас орнатуға үйрену керектігін айтты.Ал саясаттанушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ақбөпе Әбілқасымованың айтуынша, егер дамуды ұйғарсақ, интеграция өмірлік қажеттілік екенін ескерген жөн.Спикер Орталық Азия мен Қазақстанның өзекті мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, экология, халық санының өсуі, еңбек миграциясы жайлы сөз қозғады.Шарада сөз алған Моңғолия парламентінің депутаты Цогтбаатар Дамдин Еуразияның жаһандық үдерістерге ықпал ететін өте үлкен аймақ екенін баса айтты.М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының ғылыми қызметкері Дарья Сапрынская Ресей мен Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы еуразиялық қауіпсіздік архитектурасын құру үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бәз біреулердің титығына тиюі мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, 4-5 наурызда "Валдай" халықаралық пікірталас клубы V Орта Азиялық конференциясын өткізіп жатыр.Шараға 10 мемлекет, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Қытай, Үндістан және басқа да елдерден 50-ден астам сарапшы мен саясаткер қатысуда.
https://sputnik.kz/20250212/resey-qazaqstan-ekonomikasynyn-negizgi-investorlarynyn-birine-aynaldy--toqaev-50800596.html
қазақстан
ресей
орталық азия
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/830/96/8309687_254:0:2790:1902_1920x0_80_0_0_f457355cee488af357f7078b3bef1ae4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, орталық азия, қытай
қазақстан, ресей, орталық азия, қытай
Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы сенімді көпірге айналуы керек –сарапшы
"Валдай" халықаралық клубында Орталық Азия бойынша ашық диалог өтіп жатыр
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы сенімді көпірге айналуы тиіс, деп мәлім етті Қазақстан-Германия университетінің халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры Болат Сұлтанов.
Ол "Валдай" клубында өтіп жатқан V Орталық Азия бойынша конференцияда Қазақстанға Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынас орнатуға үйрену керектігін айтты.
Ал саясаттанушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ақбөпе Әбілқасымованың айтуынша, егер дамуды ұйғарсақ, интеграция өмірлік қажеттілік екенін ескерген жөн.
Спикер Орталық Азия мен Қазақстанның өзекті мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, экология, халық санының өсуі, еңбек миграциясы жайлы сөз қозғады.
Шарада сөз алған Моңғолия парламентінің депутаты Цогтбаатар Дамдин Еуразияның жаһандық үдерістерге ықпал ететін өте үлкен аймақ екенін баса айтты.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының ғылыми қызметкері Дарья Сапрынская Ресей мен Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы еуразиялық қауіпсіздік архитектурасын құру үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бәз біреулердің титығына тиюі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 4-5 наурызда "Валдай" халықаралық пікірталас клубы V Орта Азиялық конференциясын өткізіп жатыр.
Шараға 10 мемлекет, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Қытай, Үндістан және басқа да елдерден 50-ден астам сарапшы мен саясаткер қатысуда.