https://sputnik.kz/20250212/resey-qazaqstan-ekonomikasynyn-negizgi-investorlarynyn-birine-aynaldy--toqaev-50800596.html
Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды – Тоқаев
Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T14:38+0500
2025-02-12T14:38+0500
2025-02-12T14:38+0500
ресей
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50800724_0:188:2974:1861_1920x0_80_0_0_76671de7d8d72874a8a8e9e044cb3c09.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды."Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын. Қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Бұл ретте Ресей Федерациясы президентінің былтыр қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары айрықша мәнге ие. Елдеріміздің экономикалық байланыстары табысты ілгерілеп келе жатыр", – деді мемлекет басшысы.Президенттің айтуынша 171 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның ішінде 50-ден астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті.Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге сәлем жолдады.Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы кездесуге және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты."Бауырлас халықтарымыздың, елдеріміздің арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа үнемі жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі. Тауар айналымы мен бірлескен жобалардың ауқымы қомақты. Әрине, біздің байланыстарымыз тек екіжақты қарым-қатынаспен шектелмейді. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ҰҚШҰ, ТМД және ЕАЭО аясында белсенді жұмыс атқарып келеміз. Қазақстанның бастамасымен қолға алынған жобалар табысты әрі белсенді іске асырылып жатыр", – деді Сергей Шойгу.Кездесуде екі елдің қауіпсіздік саласындағы ықпалдастығының тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50800724_122:0:2853:2048_1920x0_80_0_0_dde3c177082ac93b9e4680f9f7a5d5ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қасым-жомарт тоқаев
ресей, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
"Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын. Қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Бұл ретте Ресей Федерациясы президентінің былтыр қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары айрықша мәнге ие. Елдеріміздің экономикалық байланыстары табысты ілгерілеп келе жатыр", – деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша 171 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның ішінде 50-ден астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті.
"Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Мемлекеттеріміздің құқық қорғау органдары, әскери ведомстволарының арасындағы байланыс та ойдағыдай өркендейді деп санаймын. Менің ойымша, Сіздің сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымызға шолу жасап, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары бойынша келісімге келуге оңтайлы мүмкіндік береді", – деп толықтырды ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге сәлем жолдады.
Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы кездесуге және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.
"Бауырлас халықтарымыздың, елдеріміздің арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа үнемі жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі. Тауар айналымы мен бірлескен жобалардың ауқымы қомақты. Әрине, біздің байланыстарымыз тек екіжақты қарым-қатынаспен шектелмейді. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ҰҚШҰ, ТМД және ЕАЭО аясында белсенді жұмыс атқарып келеміз. Қазақстанның бастамасымен қолға алынған жобалар табысты әрі белсенді іске асырылып жатыр", – деді Сергей Шойгу.
Кездесуде екі елдің қауіпсіздік саласындағы ықпалдастығының тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылды.