Оралдың бас архитекторы 7 жылға сотталды

© © Sputnik / Айсулу ЖумагуловаМемлекеттік қызметкер 7 жылға сотталды
Мемлекеттік қызметкер 7 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Ол көп пәтерлі тұрғын үй салуға жер учаскесін заңсыз берген
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Оралда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен оның сыбайластары сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қылмыстық іс үш адамның үстінен қозғалды. Олар: Орал қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы және оның қарамағындағы бас маман, "Алиханстройпроект" ЖШС директорының орынбасары.

"Қала құрылысы бөлімінің басшысы көп пәтерлі тұрғын үй салу мақсатына жер учаскесін заңсыз берген. Бұл әрекеті үшін "Алиханстройпроект" ЖШС директорының орынбасарынан 1,5 млн теңге пара алған", - дейді ведомство.

Ал Орал қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы заңға қайшы әрекетін 500 мың теңгеге бағалаған.
"Бас маман мемлекеттік қызметтер порталына құрылыс жүргізілмейтін учаске ретінде жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Сот шешімімен бөлім басшысы 7 жылға, бас маман 3,5 жылға, ал пара беруші тарап 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқару құқығынан айырылды.
Заседание мажилиса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жемқорлық үшін сотталғандардың тізімі жарияланады – заң жобасы таныстырылды
Жаңалықтар
0