Жемқорлық үшін сотталғандардың тізімі жарияланады – заң жобасы таныстырылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түзетулердің бірі – ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімін ашық жариялау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, тізімге тек нақты айыптау үкімі шыққан адамдардың есімін енгізу ұсынылып отыр.
"Ал заңды күшіне енген ақтау үкімі және соттылықтың өтелуі адамды тізімнен шығаруға негіз болады. Тізілім агенттіктің сайтында орналастырылады және оны агенттіктің өзі жүргізіп отырады",-деді Сарқұлов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Депутаттар бастаманы қолдаса, тізімді жүргізу тәртібі әзірленеді. Соның негізінде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімі жасалады.
Тізілімде көрсетілетін мәліметтер:
1.
тегі, аты, әкесінің аты;
2.
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған уақыттағы жұмыс орны мен лауазымы;
3.
сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы;
4.
айыптау үкімінің деректемелері;
5.
жаза түрі.
Жаңалықтар
0