Наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары бекітілді

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстанда діни сенім бостандығының сақталуын бағалау көрсеткіштері бекітілді
Қазақстанда діни сенім бостандығының сақталуын бағалау көрсеткіштері бекітілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанда наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары бекітілді. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Астанада индикаторларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті.

"Отырыс барысында конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар бойынша көрсеткіштерді, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі діни белсенділік көрсеткіштер тізбесін қамтитын наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары бекітілді.", - делінген хабарламада.

Индикаторларды әзірлеу кезінде діни қызмет саласындағы сарапшылардың қатысуымен кездесулер өткізілді, халықаралық тәжірибе зерделенді, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының және шетелдік құқық қорғау ұйымдарының ұсыныстары назарға алынды.
Индикаторлар діни бірлестіктер және құқық қорғау ұйымдары тарапынан билік институттарына деген сенім деңгейін көтереді, сондай-ақ діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы имиджі мен рейтингін нығайтады деп күтілуде.
Мечеть Нур-Астана практически невидима в тумане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Рамазан-2025: пітір садақа мөлшері қанша болады
Жаңалықтар
0