Рамазан-2025: пітір садақа мөлшері қанша болады

© Sputnik / Абзал КалиевМечеть Нур-Астана практически невидима в тумане
Мечеть Нур-Астана практически невидима в тумане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы пітір садақаның мөлшерін бекітті
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы Рамазан айындағы пітір садақа мөлшерін бекітті.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі", - деп жазды мүфтият.
Пітір садақа –Рамазан айының соңына дейін берілуге тиіс міндетті төлем. Оның басты мақсаты – мұқтаж жандарға көмектесу.
2025 жылғы діни мерекелердің кестесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2024
Инфографика
2025 жылы Рамазан айы қашан басталады
Жаңалықтар
0