Костенко шахтасындағы жарылыс: Қарағанды сотында істі қарау басталды

© Photo : 24.kzКостенко шахтасы
Костенко шахтасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Тергеу нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылды
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қарағанды сотында Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.
2023 жылдың 28 қазанында жерасты тазарту қазбаларында болған қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған.
Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.
Еске сала кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылды.
Барлығына ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу).
Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№61 мекеме" РММ ғимаратында қаралады.
Костенко шахтасындағы жарылыс бойынша 106 том қылмыстық іс сотқа жолданды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Костенко шахтасындағы жарылыс: 106 том қылмыстық іс сотқа жолданды
Жаңалықтар
0