https://sputnik.kz/20250305/elde-shay-men-kofe-onimi-azaydy-51359900.html
Елде шай мен кофе өнімі азайды
Елде шай мен кофе өнімі азайды
Sputnik Қазақстан
ТМД елдерінен Қазақстанға 3,8 мың тонна шай әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ке артық 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T13:38+0500
2025-03-05T13:38+0500
2025-03-05T13:38+0500
шай
экспорт
https://sputnik.kz/img/766/14/7661493_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_8036335cd8a5b537f77ce20ed8319881.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Биыл қаңтарда Қаақстанда 1,1 мың тонна өңделген кофе мен шай өндірілді. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 9,2%-ке аз, деп хабарлайды Energyprom.kz.Кофе мен шай әсіресе Алматыда көп өндірілді: 578 тонна — бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,1%-ке артық. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы, Шымкент, Қарағанды облысы және Астана тұр.Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 80,2 млн долларға 29 мың тонна шай импортталды. ТМД елдерінен Қазақстанға 3,8 мың тонна шай әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ке артық. Негізгі жеткізуші - Ресей, ол Қазақстанға 15,1 млн долларға 3,7 мың тонна шай жеткізді.ТМД-ға кірмейтін елдерден 25,2 мың тонна шай әкелінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,4%-ке аз. Мұнда Кения бас экспорттаушы: 33,4 млн долларға 10,5 мың тонна жеткізген. Жеткізілім бойынша жетекші елдердің қатарына Үндістан, Қытай, Вьетнам және Шри-Ланка да кірді.Биыл қаңтарда кофе бағасы 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,9%-ке, ал шай бағасы 4,1% өсті. Әсіресе Батыс Қазақстан, Қызылорда, Астанада баға едәуір қымбаттады.
https://sputnik.kz/20241112/dari-darmek-ondirisi-18-payyzga-artty-48463826.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/766/14/7661493_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_5555cb44a9ab0c40bc46d26809109868.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шай, экспорт
Елде шай мен кофе өнімі азайды
ТМД елдерінен Қазақстанға 3,8 мың тонна шай әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ке артық
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Биыл қаңтарда Қаақстанда 1,1 мың тонна өңделген кофе мен шай өндірілді. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 9,2%-ке аз, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Кофе мен шай әсіресе Алматыда көп өндірілді: 578 тонна — бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,1%-ке артық. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы, Шымкент, Қарағанды облысы және Астана тұр.
"Былтыр он екі айда елімізде 17,3 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда аз. Импорт көлемі 49,4 мың тоннаны құрап, бір жылда 3,1%- ке азайды. Қаңтар-желтоқсан қорытындысы бойынша ішкі нарықта сату көлемі 56,1 мың тонна болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ке аз", - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 80,2 млн долларға 29 мың тонна шай импортталды. ТМД елдерінен Қазақстанға 3,8 мың тонна шай әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ке артық. Негізгі жеткізуші - Ресей, ол Қазақстанға 15,1 млн долларға 3,7 мың тонна шай жеткізді.
ТМД-ға кірмейтін елдерден 25,2 мың тонна шай әкелінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,4%-ке аз. Мұнда Кения бас экспорттаушы: 33,4 млн долларға 10,5 мың тонна жеткізген. Жеткізілім бойынша жетекші елдердің қатарына Үндістан, Қытай, Вьетнам және Шри-Ланка да кірді.
Биыл қаңтарда кофе бағасы 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,9%-ке, ал шай бағасы 4,1% өсті. Әсіресе Батыс Қазақстан, Қызылорда, Астанада баға едәуір қымбаттады.