https://sputnik.kz/20241112/dari-darmek-ondirisi-18-payyzga-artty-48463826.html
Биыл 124 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілді
Биыл 124 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілді
Sputnik Қазақстан
2024 жылы фармацевтикалық өнімнің 702 түрі сатып алынды 12.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-12T12:33+0500
2024-11-12T12:33+0500
2024-11-12T12:40+0500
дәрі-дәрмек
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_0:50:1001:613_1920x0_80_0_0_db6c02afae4339e174020de08c4871be.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. 2024 жылы 124 млрд теңгеге дәрі-дәрмек шығарылып, отандық фармацевтикалық өндіріс көлемі 18%-ға артты. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ол 2025 жылдан бастап қолданыстағы отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып шығарылатын отандық препараттардың тізбесі кеңейтілетінін айтты. Жаһандық халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық жандандырылады, сондай-ақ офтейк келісімшарттарды енгізе отырып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу талаптары қайта қаралады.Айта кетері Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі 207 өндірушіні қамтиды, оның 43-і дәрілік заттарды өндірушілер.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_58:0:941:662_1920x0_80_0_0_3b2b81cf7e6b20c9637a7729d3a9f524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, қазақстан
Биыл 124 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілді
12:33 12.11.2024 (жаңартылды: 12:40 12.11.2024) 2024 жылы фармацевтикалық өнімнің 702 түрі сатып алынды
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. 2024 жылы 124 млрд теңгеге дәрі-дәрмек шығарылып, отандық фармацевтикалық өндіріс көлемі 18%-ға артты. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2024 жылы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша фармацевтикалық өнімнің 702 түрі сатып алынды. 2025 жылы өндіріс көлемін 1 728 атауға дейін ұлғайту жоспарлануда", — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Ол 2025 жылдан бастап қолданыстағы отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып шығарылатын отандық препараттардың тізбесі кеңейтілетінін айтты. Жаһандық халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық жандандырылады, сондай-ақ офтейк келісімшарттарды енгізе отырып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу талаптары қайта қаралады.
Айта кетері Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі 207 өндірушіні қамтиды, оның 43-і дәрілік заттарды өндірушілер.