Астанада бір үйде тіркелетін адам санын шектеу: заң жобасы мәжіліске түсті

Жағалау-3 ТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Бүгінде Астанада бір үйде нақты тұрмайтын жүздеген адамды тіркеу фактілері бар
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Астана және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту бойынша заңнамалық өзгерістерді қарастыруға кірісті. Соның аясында елордада тіркеу нормативін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бүгінде Астанада бір үйде нақты тұрмайтын жүздеген адамды тіркеу фактілері бар.
Осы мәселені шешу мақсатында елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту ұсынылып отыр. Жергілікті мәслихат бір азаматқа қанша шаршы метр тиісілі екені анықтап, сол нормавтивті бекітетін болады.

"Бұл ретте тіркеу нормативтері тұрғын үйдің меншік иесінің және жұбайының жақын туыстарына қолданылмайды", - деді Жұманғарин мәжілістің бүгінгі отырысында.

Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістер аясында тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін баспана иесі үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылған.
Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
0