Биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
"Бәйтерек" холдингі арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлінеді
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл республика бойынша 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы жоспарды орындау үшін "Бәйтерек" холдингі арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлінеді.
Негізгі бағыттар:
21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алу үшін 300 млрд теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 120 млрд теңге;
Отбасы банкінің “2-10-20” және “5-10-20” ипотекалық бағдарламаларына 80 млрд теңге.
Айта кетері, қазіргі кезде жалдамалы пәтерді жекеменшікке сатып алуға болады.
В Астане завершили два жилищных комплекса, строительство которых начали 20 и 10 лет назад - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2024
Астанада құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үйдің үлескерлері баспана кілтін алды
Жаңалықтар
0