Астанада құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үйдің үлескерлері баспана кілтін алды

© Акимат АстаныВ Астане завершили два жилищных комплекса, строительство которых начали 20 и 10 лет назад
В Астане завершили два жилищных комплекса, строительство которых начали 20 и 10 лет назад - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Астанада құрылысы 20 және 10 жыл бұрын басталған екі тұрғын үй кешені қайта салынды, деп хабарлады елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің мәселесін шештік. Олар – "Территория комфорта-1" (екінші кезек) және "Жағалау 4" полигон 3 көппәтерлі тұрғын үй кешендері. Екі үй де басынан бастап қайта салынды", - деп атап өтті қала әкімі.
"Территория комфорта" тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын басталған. Үйді техникалық тексеру кезінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды.
Ал "Жағалау 4" полигон 3 құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Жауапсыз мердігерлер құрылыстан шеттетіліп, үйдің аяқталу мерзімі өзгерді. Тұрғындардың жалпы жиналысында үлескерлерді жаңа "Е16, Е17, Е32" ТК-ға көшіру туралы шешім қабылданған. Осылайша, үлескерлер көптен күткен баспаналарының кілтін алды.
Жаңалықтар
0