https://sputnik.kz/20250305/almatyda-zansyz-sauda-nysandary-zhappay-surilip-zhatyr-51373893.html
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
15 наурызға дейін тағы 210 дүңгіршекті сүру жоспарланған 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T19:37+0500
2025-03-05T19:37+0500
2025-03-05T19:37+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/05/51373994_0:84:961:624_1920x0_80_0_0_5508b7aebf7594e00c655f9f14e37927.jpg
АСТАНА, 5 наурыз - Sputnik. Алматыда стационарлық емес заңсыз сауда нысандарын сүру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдік. Бұл жолы Наурызбай ауданында бургер сататын дүңгіршек сүрілді. "Сүру жұмыстары Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жұмыс тобымен бірлесіп көше саудасы нысандарын жоюға кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерінде орналасқан 300-ден астам стационарлық емес заңсыз сауда нысаны бұзылды", - деп жазылған хабарламада. Бұл жұмыс аясында 222 ойын автоматы (силомер) алынып тасталды. Сондай-ақ қалада жер телімдеріне орналасқан 32 күрделі құрылыс нысаны анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде сүру үшін сотқа талап-арыз жолдады.15 наурызға дейін тағы 210 дүңгіршекті сүру жоспарланып отыр. Коммуналдық қызмет бұл нысандарға заңсыз қосылған инженерлік желілерді ажыратып жатыр.
https://sputnik.kz/20241212/almatyda-tagy-bir-zansyz-turgyn-uy-kesheni-surilip-zhatyr-49258878.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/05/51373994_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_28abc5a2eeea9a298671ae058d10febb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
15 наурызға дейін тағы 210 дүңгіршекті сүру жоспарланған
АСТАНА, 5 наурыз - Sputnik. Алматыда стационарлық емес заңсыз сауда нысандарын сүру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды
қалалық әкімдік. Бұл жолы Наурызбай ауданында бургер сататын дүңгіршек сүрілді.
"Сүру жұмыстары Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жұмыс тобымен бірлесіп көше саудасы нысандарын жоюға кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерінде орналасқан 300-ден астам стационарлық емес заңсыз сауда нысаны бұзылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жұмыс аясында 222 ойын автоматы (силомер) алынып тасталды. Сондай-ақ қалада жер телімдеріне орналасқан 32 күрделі құрылыс нысаны анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде сүру үшін сотқа талап-арыз жолдады.
"Бұрын фастфуд тұтынушыларынан қалған қоқыс үйінділері, арықтағы егеуқұйрықтар жиі байқалатын. Біздің халыққа тамақтану мәдениеті мен тазалықты сақтауды үйрену керек, себебі тамақтанып болған соң қалдықтарын жерге, асфальтқа тастай салады. Дүңгіршектердің маңындағы қоқыс жәшіктері жиі толып тұратын. Оның үстіне фастфуд денсаулыққа зиян ғой. Осындай орындардағы қызметкерлердің тазалығы мен тамақ дайындау санитарлық нормалары да күмән тудырады", - дейді қала тұрғыны Татьяна Касаткина.
15 наурызға дейін тағы 210 дүңгіршекті сүру жоспарланып отыр. Коммуналдық қызмет бұл нысандарға заңсыз қосылған инженерлік желілерді ажыратып жатыр.