https://sputnik.kz/20241212/almatyda-tagy-bir-zansyz-turgyn-uy-kesheni-surilip-zhatyr-49258878.html
Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан бұзылды 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T19:00+0500
2024-12-12T19:00+0500
2024-12-12T19:00+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49253427_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_6c98a271784960dade893ba3e8a21bbd.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Алматының Қарағайлы шағын ауданындағы "Француз үйі" тұрғын үй кешені сүріліп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құрылыс салушы нысанды қажетті рұқсаттарсыз салған: СТЖ, эскизді келісу, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама және сараптама болмаған.Әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілгеннен кейін, сүру туралы шешім бірінші сатылы сотында қанағаттандырылып, бұл шешімді қалалық сот өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылы 30 қаңтарда атқару парағы Әділет департаментіне жолданып, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан сүрілді, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері бар. Бұл шаралар қаланың қауіпсіздігін, құрылыстың сапасы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49253427_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0bad1df5810e08c9bf64ea4207d51e1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан бұзылды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Алматының Қарағайлы шағын ауданындағы "Француз үйі" тұрғын үй кешені сүріліп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құрылыс салушы нысанды қажетті рұқсаттарсыз салған: СТЖ, эскизді келісу, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама және сараптама болмаған.
Әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілгеннен кейін, сүру туралы шешім бірінші сатылы сотында қанағаттандырылып, бұл шешімді қалалық сот өзгеріссіз қалдырды.
2024 жылы 30 қаңтарда атқару парағы Әділет департаментіне жолданып, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан сүрілді, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері бар. Бұл шаралар қаланың қауіпсіздігін, құрылыстың сапасы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.