Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады

© Photo : Росатом"Росатом" ведет строительство АЭС "Сюйдапу"
Росатом ведет строительство АЭС Сюйдапу - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов АЭС-ті шетелдік несиелер есебінен салуға болады деген ақпаратты растады
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі Атом электр станциясын салуға қаржы донорларын іздеуді жалғастыруда. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, қолайлы шарттары бар қаржыландыру нұсқалары қарастырылуда.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, атом электр стансасын салуға қандай қаражат жұмсалатыны әлі нақтыланған жоқ. Қаржыландыру туралы шешім қабылдамас бұрын, жұмыс көлемін нақтылау керек, демек, жоба мен технологияны олардың құны тұрғысынан бағалау қажет.
"Құрылыс кезінде шетелдік жабдықтар пайдаланылған кезде, онда экспорттық-кредиттік агенттіктердің қаражаты пайдаланылуы мүмкін. Яғни, Қытайдан жабдық сатып алғанда, қаржыландыруды қамтамасыз ететін Қытайдың Эксимбанкі бар. Германияда – Hermes агенттігі, Америкада –АҚШ Эксимбанкі және басқалар. Олар қаржыландырудың әлеуетті жеткізушілері болуы мүмкін", - деді БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген вице-министр.
Еске салайық, 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда елдегі бірінші атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткен болатын. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жобаны сайлаушылардың 71,12 пайызы қолдаған.
Құрылысқа үміткерлердің шорт-тізіміне ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы, оңтүстіккореялық KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF компаниялары кірді. Тоқаевтың айтуынша, атом электр станциясын салу мен пайдалану халықаралық консорциумға жүктелуі керек, бұл ретте Қазақстан бас оператор ретінде әрекет етеді. Бұл мәселе бойынша республика билігінің түпкілікті шешімі 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
АЭС, иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Атом электр станциясын кім салатыны 1 шілдеге дейін белгілі болады
Жаңалықтар
0