Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

© Polisia.kzҚаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Қару-жарақтардан бөлек оқ-дәрілер бар
АСТАНА, 4 наурыз– Sputnik. Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бірнеше облыстың аумағында қару жасырылған төрт орынды тапты.
Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталды.
© Polisia.kzҚаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимаратта Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған).
© Polisia.kzҚаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған жер табылды, онда Benelli моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), қос ұңғылы аңшы мылтығы, қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді.
© Polisia.kzҚаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Сонымен қатар Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық, газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.
Алматы облысындағы кенттердің бірінде арықтан әртүрлі калибрлі екі аңшы мылтығы (олардың бірі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), жарық-шу гранатасы, АК-74 магазині, жеті патрон және қара тактикалық бетперде табылды. Нөмірлері жойылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты қосымша тексерулер жүргізіледі.
Соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту мен рейдтердің арқасында 8 119 қару, 845 граната, 114 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қару жасырылған 738 орын табылды.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Халықтан заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы басталды
Жаңалықтар
0