https://sputnik.kz/20230410/khalyqtan-zansyz-qaru-zharaqty-satyp-alu-aktsiyasy-bastaldy-33750100.html
Халықтан заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы басталды
Халықтан заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанда заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T12:50+0500
2023-04-10T12:50+0500
2023-04-10T12:50+0500
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22818702_0:234:2048:1386_1920x0_80_0_0_6e8c93ffa21fb23fe95b81c6f5fafa1c.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанда заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгіннен бастап кез келген аумақтық полиция органына өтініш беріп, заңсыз сақталған қару-жарақ үшін ақшалай сыйақы алуға болады. Биылғы акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.Өтемақының мөлшері:Арнайы комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін бағалап, өтемақының мөлшерін белгілейді.Барлығы үш санат бар. I санат бойынша төлемнің 100% беріледі. II санат - 70%, III санатқа жатқызылған қару жарақ үшін өтемақының 30% төленеді. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай."Криминалист маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған, ІІМ БДБ-ның "Тіркелген қару" және "Криминалдық қару" есебінде тұрған қару-жарақтарға, қолдан жасалған, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді", - дейді әкімшілік полицияның қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов.Барлық тапсырылған қару-жарақ жойылады. Ал антикварлық және тарихи құндылығы бар қару ішкі істер министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін.Айта кетері, өтінішті тікелей полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беруге немесе телефон арқылы хабарласуға болады. Полицейлер өздері келіп, қаруды қабылдай алады. Ол үшін арнайы оқытылған мамандар мен техника бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22818702_0:42:2048:1578_1920x0_80_0_0_e7e15ae1f5c4d1e6d39e87fd6bfb09b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанда заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгіннен бастап кез келген аумақтық полиция органына өтініш беріп, заңсыз сақталған қару-жарақ үшін ақшалай сыйақы алуға болады. Биылғы акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.
автоматты ойық қару – 345 мың теңгеге дейін;
ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер – 172 мың теңгеге дейін;
тапаншалар мен револьверлер – 138 мың теңгеге дейін;
тегіс ұңғылы мылтықтар – 103 мың теңгеге дейін;
травматикалық тапаншалар – 34 мың дейін.
Арнайы комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін бағалап, өтемақының мөлшерін белгілейді.
Барлығы үш санат бар. I санат бойынша төлемнің 100% беріледі. II санат - 70%, III санатқа жатқызылған қару жарақ үшін өтемақының 30% төленеді. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай.
"Криминалист маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған, ІІМ БДБ-ның "Тіркелген қару" және "Криминалдық қару" есебінде тұрған қару-жарақтарға, қолдан жасалған, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді", - дейді әкімшілік полицияның қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов.
Барлық тапсырылған қару-жарақ жойылады. Ал антикварлық және тарихи құндылығы бар қару ішкі істер министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін.
Айта кетері, өтінішті тікелей полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беруге немесе телефон арқылы хабарласуға болады. Полицейлер өздері келіп, қаруды қабылдай алады. Ол үшін арнайы оқытылған мамандар мен техника бар.