Мемлекеттік сатып алуда заңсыздыққа жол берген басшыға айыппұл салынды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание Генеральной прокуратуры Казахстана
Здание Генеральной прокуратуры Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Бұл заң бұзушылықтар бәсекелестікті және әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ақмола облысы Бұланды ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижеінде аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтамағаны анықталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде білім бөлімі техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атауларын, өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткен.
Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алуға арналған 11 шарт анықталды.
Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бәсекелестікті және әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді.
Туман накрыл южную столицу - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жол ережесін 200 рет бұзған: Ақтөбеде екі джипке 7,2 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0