ЕЭК пен Куба фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр
08:35 04.03.2025 (жаңартылды: 08:43 04.03.2025)
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК пен Куба фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр

© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Жазылу
Мәскеуде кубалық кәсіпорын өкілдерімен кездесу өтті
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. ЕЭК пен Куба дәрілік заттардың өндірісі мен айналымы саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян мен Кубаның ірі фармацевтикалық компаниялары мен реттеуші органдарының басшылығы кездесті.
Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Куба арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту, кооперацияларды реттеу, сондай-ақ технологиялар трансферті, ұлттық реттеуші органдардың өзара іс-қимылы, оның ішінде Одақ аясындағы дәрілік заттардың нарығы мен айналымын реттеу мәселелері отырыстың негізгі тақырыбы болды.
"Еуразиялық технологиялық платформаларды және Кубалық компаниялардың қатысуымен ұйымға мүше мемлекеттердің өндірістік тізбегіне бірлескен кәсіпорындарды қосу арқылы бірлескен ынтымақтастық жобалар үшін қаржылық көмек көрсету механизмін пайдалану мүмкіндігі жоғары технологиялық дәрі-дәрмек пен биофармацевтикалық препараттарды бірлесіп әзірлеу және өндіру саласында біздің елдерімізді жақындастыруға бағытталған қадам бола алады", - деді Георгий Арзуманян.
ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Шынара Мәмбеталиева да Куба Республикасымен ЕАЭО дәрілік заттар нарығындағы позициясын сақтаудың маңыздылығын айтты.
"Кубалық фармацевтикалық өндірушілер 2025 жылдың соңына дейін тіркеу деректерін ЕАЭО форматына көшіру бойынша қажетті процедураларды аяқтайды, сонымен қатар тіркеу деректерін дайындауды және біздің нарыққа жаңа препараттарды ыңғайлы түрде енгізуді қамтамасыз ете алады деп үміттенеміз", - деді ол.
Одақ нарығының сегментіне ыңғайлы көшуге ЕЭК пен Куба тарапы өкілдерінің Одақ фармакопеясын испан тіліне аудару бойынша жақында жүзеге асқан бірлескен жобасы ықпал етеді.
Куба делегациясының өкілдері инвестициялық ынтымақтастық, технологиялар трансферті және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бөлігінде ЕАЭО елдері мен Куба кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуетін атап көрсетті.