Ресей нарығында ЕАЭО компанияларына негізгі басымдық беріледі – РФ вице-премьері

© Sputnik / Владислав ВодневРесейдің өнеркәсіп министрі Денис Мантуров
Ресейдің өнеркәсіп министрі Денис Мантуров - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
Ресейлік кәсіпорында да басымдыққа ие
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ресей нарығында ЕАЭО компанияларына және отандық кәсіпорындарға абсолютті басымдық беріледі. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері Денис Мантуров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресей үкімет басшысының орынбасары ресейлік нарықтан кеткен шетелдік компанияларға да түсініктеме берді. Оның айуынша, Ресей өзіне қажетті компанияларды ғана нарыққа кіргізеді.
"Бізде санкциялық пакеттер бірінен соң бірі енгзілген уақытта мемлекеттік сатып алулар саласында жеңілдіктер жүйесі мен қолдау шаралары эволюция жолымен айтарлықтай дамыды. Бүгінде біздің технологиялық егемендігіміз үшін маңызды салаларда отандық кәсіпорындарға және ЕАЭО компанияларына абсолютті басымдық беріледі", - дейді Мантуров.
Ал шетелдіктермен бірлесіп қолға алынатын жобалар бойынша нақты талаптар бар. Атап айтқанда, жергілікті қамту көлемін сақтау, технологияларды беру және ресейлік қатысушылар тарапынан бақылау жүргізу шарттары бекітілген.
"Біз осы ұстанымнан қайтпаймыз. Шетелдік компанияларға мұны ескеру керек", - деді Мантуров.
Мигранты. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Лавров ЕАЭО елдерінен келетін еңбек мигранттарына кедергі жасамауға шақырды
Жаңалықтар
0