Лавров ЕАЭО елдерінен келетін еңбек мигранттарына кедергі жасамауға шақырды
© Sputnik, Алексей ФилипповМигранты. Архивтегі фото

© Sputnik, Алексей Филиппов
Жазылу
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Еңбек мигранттары үшін елге кіру режимін қатаңдату Ресейдің ұзақ мерзімді мүдделеріне қайшы келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Орталық Азия елдерінен, ең алдымен, күнгей Кавказдан, басқа да бұрынғы кеңестік республикалардан келетін еңбек мигранттарына арналған ережені қатаңдату біздің ұзақ мерзімді мүдделерімізге көмектеспейді. Иә, әрине, тәртіпті қадағалау қажет. Мигранттар келетін бірқатар географиялық бағыттар бойынша көптеген заң бұзушылық тіркелді, біз олардың мінез-құлқын қатаң бақылап отырайық, бірақ тосқауыл қоймауымыз керек, визалық режим енгізу тіптен артық", - деді Сергей Лавров.
Лавровтың пікірінше, осыған байланысты қабылданып жатқан шаралар еңбек көші-қонына кедергі жасау емес, бақылауды күшейтуге бағытталған.
Ол мұндай шараларды Ресейдің жақын одақтастарымен қарым-қатынаста жасанды кедергілер жасамай жүзеге асыруға болатынына сенім білдірді.
Лавров Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы негізгі құжаттарда одаққа мүше барлық елдің азаматтары тең құқыққа ие екендігі көрсетілгенін еске салды.