Жол ережесін бұзатын тағы бір әрекет үшін айыппұл енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейский в маске на мобильном посту на выезде из города
Полицейский в маске на мобильном посту на выезде из города - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2025
Жазылу
Енді автокөліктің қозғалысы кезінде оның кабинасынан денесін шығарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жол ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты жаңадан енгізілген шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Биыл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар түзетулер енгізілген болатын. Соның бәрі 13 наурыздан бастап заңды күшіне енеді.

"Енді автокөліктің қозғалысы кезінде оның кабинасынан денесін шығарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұрын мұндай норма болмаған. Бітіру кештері мен үйлену тойларында көптеген адам өздерінің қауіпсіздігіне мән бермей, осындай әрекеттерді жасайды. Енгізілген норма жолаушыларды тасымалдау кезінде өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі", - дейді Сұлтанбаев.

Кабинадан шыққаны үшін жолаушы мен жүргізуші бірдей жауапқа тартылады.
"Сонымен қатар заңнамадағы олқылықтарды жою мақсатында автокөлікті басқару құқығынан айыру талаптары қолданылмайтын тұлғаларға да қарсы жолаққа шыққаны үшін жауапкершілік енгізілді. Енді мұндай құқық бұзушыларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", - деді комитет басшысы.
Ал теміржолдардағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін теміржол өткелдеріндегі жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20-ға дейін өсті. Сондай-ақ, теміржол белдеуінде мал жайғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұдан былай ескерту жасалмайды. Бірден айыппұл салынады.
Туман накрыл южную столицу - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жол ережесін 200 рет бұзған: Ақтөбеде екі джипке 7,2 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0