Үш облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚар құрсауындағы көлік
Қар құрсауындағы көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2025
Жазылу
Ауа райының күрт нашарлауы, жаңбыр, қар, көктайғақ себеп болып отыр
АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш аймақта жол қозғалысына шектеу енгізіілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
2025 жылдың 1 наурызындағы сағат 20:00-да ауа райының бұзылуына байланысты мына республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысы:
"Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы - Маржанбұлақ ауылы);
"РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Батыс Қазақстан облысы:
"Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Жолды 2025 жылдың 2 наурызында сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Жолдағы боран - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды
Жаңалықтар
0