Ұландықтар 99 жастағы ардагерлерге құрмет көрсетті

© Ұлттық ұланның баспасөз қызметіҰландықтар 99 жастағы ардагерлерге құрмет көрсетті
Ұландықтар 99 жастағы ардагерлерге құрмет көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Алғыс күні аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұландықтар ардагер Василий Сердюков пен Владимир Дровосековты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, жауынгерлік ерліктері үшін алғыс білдірді. Құрмет қарауыл ротасы олардың алдында сап түзеді. Ал Ұлттық ұланның оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындап берді.
"Біз ауыр сынақтардан өттік, бірақ әрқашан жеңіске сендік. Бүгін бізді құттықтап келгендеріңізде сол соғыс жылдарындағы рухтың күшін қайта сезінгендей болдым. Қызметтеріңіз үшін, тарихты қадірлеп жүргендерің үшін рахмет! " – дейді ардагер Владимир Дровосеков.
Екі құрдас ардагерге Алғыс айту күніне арналған құттықтау хаттары да табысталды.
"Ардагерлерді ұмытпай, құрмет көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Сіздерді сапта, салтанатты киім үлгісінде көру және жастық шағымыздың таныс әуендерін тыңдау – біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш", – деді Василий Сердюков.
В. Сердюков 1926 жылы 21 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Соғыс жылдарында артиллерия бөлімшесінде қызмет атқарып, Беларусь жеріндегі шайқастарға қатысқан. Сл соғыстан кейін теміржол саласына еңбек етті. Жүргізушіден бастап станция бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.
В. Дровосеков 1926 жылы 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 3-Беларусь майданындағы ұрыстарға қатысты. Соғыстан кейін КСРО ІІМ шекара әскері қатарында Тынық мұхиты флотының құрамында Сахалин аралында қызмет етті. 1952 жылы Ақмолаға оралып, арнайы комендатурада еңбек етті. Ал 1954-1986 жылдары вагон жөндеу зауытында цех механигі болып жұмыс істеді. Ерлігі мен адал еңбегі үшін II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, Маршал Жуков медалімен және өзге де мерейтойлық марапаттармен наградталған.
Айта кетейік, Ұлттық ұланда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясы жалғасып жатыр. Соның аясында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, тарихи мұраны келешек ұрпаққа жан-жақты насихатталады.
ҰОС медальдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Түркістан облысында ардагерлерге 5 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0