https://sputnik.kz/20250301/premer-ministrdin-synynan-keyin-salyqshylar-bazis-a-men-bi-group-qa-khabarlama-zhiberdi-51250671.html
Премьер-министрдің сынынан кейін салықшылар BAZIS-A мен BI Group-қа хабарлама жіберді
Премьер-министрдің сынынан кейін салықшылар BAZIS-A мен BI Group-қа хабарлама жіберді
Sputnik Қазақстан
Салық төленбесе, жоспардан тыс тексеріс басталады 01.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-01T12:44+0500
2025-03-01T12:44+0500
2025-03-01T12:50+0500
олжас бектенов
салық
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857288_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e4dde59a156e694e4f353f6b85eaef64.jpg.webp
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің ескертуінен кейін Қазақстандағы екі ірі құрылыс компаниясына салықты төлеуге қатысты хабарлама жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігіне сілтеме жасап.Мемлекеттік кіріс органдары BAZIS-A компаниясына салық салынатын кірістердің 4,6 млрд теңге сомасына, сондай-ақ BI Group компаниясына 11,9 млрд теңгеге төмендетіліп көрсетілгені туралы хабарлама жолдады."Аталған жұмыс арнаулы салық режімдерін қолданатын субъектілердің өзара есеп айырысуларын талдау шеңберінде 2022–2023 жылдары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істеген компанияларға байланысты жүргізіліп отыр. Арнайы талдау көрсеткендей, бұл компаниялар арнайы салық режимін салық төлемдерін азайту үшін пайдаланған", - делінген ресми хабарламада.Осыдан бастап BAZIS-A мен BI group табысты реттеп, салықты өз еркімен төлей алады. Ал салық төленбесе, жоспардан тыс тексеріс басталады.Айта кетері, күні кеше үкімет басшысы салықтан жалтаратын кәсіпкерлерге ескерту жасады. Себебі оларда ақшаның миллиардтаған айналымы болғанмен, бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Үкіметте осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS және басқа да көптеген ірі құрылыс компаниялары жүр.
https://sputnik.kz/20250228/bektenov-kasipkerlerge-salyqty-eki-apta-ishinde-toleuge-shaqyramyn-51227895.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857288_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e0be5df0f45f2a99a722e666edffac71.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, салық
Премьер-министрдің сынынан кейін салықшылар BAZIS-A мен BI Group-қа хабарлама жіберді
12:44 01.03.2025 (жаңартылды: 12:50 01.03.2025) Салық төленбесе, жоспардан тыс тексеріс басталады
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің ескертуінен кейін Қазақстандағы екі ірі құрылыс компаниясына салықты төлеуге қатысты хабарлама жіберілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кіріс органдары BAZIS-A компаниясына салық салынатын кірістердің 4,6 млрд теңге сомасына, сондай-ақ BI Group компаниясына 11,9 млрд теңгеге төмендетіліп көрсетілгені туралы хабарлама жолдады.
"Аталған жұмыс арнаулы салық режімдерін қолданатын субъектілердің өзара есеп айырысуларын талдау шеңберінде 2022–2023 жылдары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істеген компанияларға байланысты жүргізіліп отыр. Арнайы талдау көрсеткендей, бұл компаниялар арнайы салық режимін салық төлемдерін азайту үшін пайдаланған", - делінген ресми хабарламада.
Осыдан бастап BAZIS-A мен BI group табысты реттеп, салықты өз еркімен төлей алады. Ал салық төленбесе, жоспардан тыс тексеріс басталады.
Айта кетері, күні кеше үкімет басшысы салықтан жалтаратын кәсіпкерлерге ескерту жасады. Себебі оларда ақшаның миллиардтаған айналымы болғанмен, бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Үкіметте осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS және басқа да көптеген ірі құрылыс компаниялары жүр.