Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

© пресс-служба Минкультуры КазахстанаАстанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Ұлттық музейде "Ер есімі – ел есінде" және "Жеңіс – ұрпаққа аманат" жалпыреспубликалық акциялары аясында "Батырлар – ұрпақ аманаты" атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлады Мәдениет министрлігі.
Көрме Кеңес Одағы батырларының мерейтойына арналады. Атап айтсақ, биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Жамбыл тарихи-өлкетану музейі, Әлия Молдағұлова мемориалдық музейі және Мәлік Ғабдуллин музейі қорларынан алынған заттар қойылған.
Экспозицияда Кеңес Одағы батырларының наградалары, хаттары мен жеке заттары бар. М.Ғабдуллиннің "Алтын жұлдыз" медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының А. Молдағұловаға берген грамотасы, Б. Момышұлының әскери стратегиялық картасы және басқа да бірегей заттар қойылған.
Сонымен қатар көрмеге Астана қаласы "Атамның Аманаты" қоғамдық бірлестігінің материалдары қойылды.
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Әлия Молдағұлованың ауылындағы Мәдениет үйі 74 млн теңгеге жөнделді
Жаңалықтар
0