https://sputnik.kz/20250228/bektenov-zhana-ministrge-qanday-mindet-qoyylyp-otyrganyn-aytty-51236740.html
Бектенов жаңа министрге қандай міндет қойылып отырғанын айтты
Бектенов жаңа министрге қандай міндет қойылып отырғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз етіп, экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыруға күш салады 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T16:24+0500
2025-02-28T16:24+0500
2025-02-28T16:24+0500
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1c/51236821_2:0:1277:717_1920x0_80_0_0_146632bff242c6ae36b3353dde7e1a25.jpg.webp
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті.Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті.Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.ӨҚМ ұжымына президенттің құрылыс саласын дамыту және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.
https://sputnik.kz/20250228/memleket-basshysy-zhana-ministrdi-tagayyndady-51226781.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1c/51236821_162:0:1118:717_1920x0_80_0_0_c49e916254d253a9e890782e768d6ca0.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов
Бектенов жаңа министрге қандай міндет қойылып отырғанын айтты
Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз етіп, экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыруға күш салады
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті.
Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті.
Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.
ӨҚМ ұжымына президенттің құрылыс саласын дамыту және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.