https://sputnik.kz/20250227/para-beruge-itermelegen-aqtau-akiminin-buryngy-orynbasary-qazaqstan-aumagyna-zhetkizildi-51199976.html
Пара беруге итермелеген: Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстан аумағына жеткізілді
Пара беруге итермелеген: Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстан аумағына жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Оны мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанда Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі ұстаған 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T10:03+0500
2025-02-27T10:03+0500
2025-02-27T10:06+0500
қылмыс
пара
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Тергеуден жасырынбақ болған Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды.Ол 25 ақпанда Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Қапланбек" өткізу бекетінде ұсталып, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылды. Ақтаудың бұрынғы әкімі аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі. Аталған іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.2023 жылы ол "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісімен айналысқан адвокат Құрманбаевпен бірге лауазымды тұлғалар арасындағы байланысын пайдалана отырып, В.И.Долгалевке оның кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғатуға уәде берген. Ол үшін пара сұраған. Ал ақшаның бірінші бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін уәде етілген міндеттемелерін орындамай, екеуі де қашып кеткен.
https://sputnik.kz/20250217/aqtau-akiminin-eks-orynbasary-shekarada-ustaldy-50938116.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, пара
Пара беруге итермелеген: Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстан аумағына жеткізілді
10:03 27.02.2025 (жаңартылды: 10:06 27.02.2025) Оны мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанда Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі ұстаған
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Тергеуден жасырынбақ болған Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды.
Ол 25 ақпанда Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Қапланбек" өткізу бекетінде ұсталып, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Ақтаудың бұрынғы әкімі аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.
Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі. Аталған іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.
2023 жылы ол "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісімен айналысқан адвокат Құрманбаевпен бірге лауазымды тұлғалар арасындағы байланысын пайдалана отырып, В.И.Долгалевке оның кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғатуға уәде берген. Ол үшін пара сұраған. Ал ақшаның бірінші бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін уәде етілген міндеттемелерін орындамай, екеуі де қашып кеткен.