https://sputnik.kz/20250217/aqtau-akiminin-eks-orynbasary-shekarada-ustaldy-50938116.html
Ақтау әкімінің экс-орынбасары шекарада ұсталды
Ақтау әкімінің экс-орынбасары шекарада ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстан шекарасында ұсталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі. 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T17:47+0500
2025-02-17T17:47+0500
2025-02-17T17:47+0500
ақтау
әкім
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50937801_0:48:1045:636_1920x0_80_0_0_85f654acdbb78fddfe05a999e8b69397.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстан шекарасында ұсталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Сәдуақасовты өзбекстандық шекарашылар ұстап, тергеу изоляторына қамады. Оған қатысты елге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу әрекеті бойынша айыпталып отыр.2023 жылы ол "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісімен айналысқан адвокат Құрманбаевпен бірге лауазымды тұлғалар арасындағы байланысын пайдалана отырып, В.И.Долгалевке оның кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғатуға уәде берген. Ол үшін пара сұраған. Ал ақшаның бірінші бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін уәде етілген міндеттемелерін орындамай, екеуі де қашып кеткен.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50937801_67:0:979:684_1920x0_80_0_0_dc64a8c0741a2fc2995422e4c5212313.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, әкім
Ақтау әкімінің экс-орынбасары шекарада ұсталды
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстан шекарасында ұсталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Сәдуақасовты өзбекстандық шекарашылар ұстап, тергеу изоляторына қамады. Оған қатысты елге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу әрекеті бойынша айыпталып отыр.
2023 жылы ол "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісімен айналысқан адвокат Құрманбаевпен бірге лауазымды тұлғалар арасындағы байланысын пайдалана отырып, В.И.Долгалевке оның кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғатуға уәде берген. Ол үшін пара сұраған. Ал ақшаның бірінші бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін уәде етілген міндеттемелерін орындамай, екеуі де қашып кеткен.