АЭС салынатын жер белгілі - құрылысы қашан басталады

© Служба коммуникаций АО "Аккую Нуклеар"Түркиядағы Аккую АЭС
Түркиядағы Аккую АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында үкімет қаулысымен АЭС салынатын жер бекітілген болатын. Ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев құрылыс жұмыстары қашан басталатынын нақтылады.

"Әлемдік тәжірибеге сәйкес, жобалау жұмыстарына 3 жылдай кетеді. Үш жылдан кейін "бетон" басталады. Ал жалпы құрылыс жұмыстары туралы айтар болсақ, бәлкім, екі жылдың ішінде құрылысты бастаймыз",-деді Сәтқалиев бүгінгі брифингте.

Ал негізгі нысанның құрылысы техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық құжаттар дайын болғасын басталады. “Әрине, мемлекеттік органдардан да рұқсат алу қажет”,-деп атап көрсетті министр.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
АЭС салынатын жер ресми түрде бекітілді
Жаңалықтар
0