https://sputnik.kz/20250225/soqqyga-zhygylgan-oqushy-olimi-is-sotqa-zholdandy-51155041.html
Соққыға жығылған оқушы өлімі: іс сотқа жолданды
Соққыға жығылған оқушы өлімі: іс сотқа жолданды
Sputnik Қазақстан
Іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады 25.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-25T16:12+0500
2025-02-25T16:12+0500
2025-02-25T16:13+0500
қылмыс
соққы
https://sputnik.kz/img/1260/23/12602336_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_a8018a234618df70ae378a0955160a12.jpg.webp
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Аөқтөбе облыстық прокуратурасы Темір ауданының Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.Тергеу барысында өткен жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын "тәрбиелік мақсатта" ұрып-соққаны анықталды. Салдарынан кәмелетке толмаған Н.Сыдық ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды.Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылуда.
https://sputnik.kz/20250221/ktz-express-zhogargy-sotqa-shagym-tusirmek-51069835.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/23/12602336_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_70fbf91f3f9b782aad0dabd7d5b14101.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, соққы
Соққыға жығылған оқушы өлімі: іс сотқа жолданды
16:12 25.02.2025 (жаңартылды: 16:13 25.02.2025) Іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Аөқтөбе облыстық прокуратурасы Темір ауданының Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлады
Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.
Тергеу барысында өткен жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын "тәрбиелік мақсатта" ұрып-соққаны анықталды. Салдарынан кәмелетке толмаған Н.Сыдық ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды.
Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылуда.