"Өзен тасыса, ауылға жаяу жетеміз": Ақмола облысында тұрғындар шағымданды

Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
Еңбек ауылында 260 адам тұрады
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округіне қарасты Еркін ауылының тұрғындары темір жол өткелінің жоқтығына шағымданып жатыр. Айтуларынша, өткел болмағандықтан темір жолды аттап өтіп жүр. Sputnik Қазақстан ауыл тұрғындарының базынасын білді.
Еңбек ауылында 260 адам тұрады. Аядай ғана ауыл тұрғындары темір жол өткелі салынса дейді. Жалпы ауылда ауыз су мен жарықтандыру оң шешімін тапқан. Су құбырларының құрылысы 2022 жылы салынған. Былтыр қыркүйекте "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында көшелер де жарықтанған.
"Осы бағдарлама аясында ауылда 1,7 шақырым асфальттау жұмысы жасалу керек. Мердігер табылды. Оған шамамен 77 млн теңге қажет. Биыл ақша бөлінеді деп отырмыз. Сонда салынбаған темір жол өткелі ғана қалады", - дейді Еркіншілік ауылдық округінің әкімі Марат Жанпейісов.
Еңбек ауылының қасында Қуаныш өзені бар, көктем сайын 2-3 апта тасиды.
"Еңбекке кіретін жол темір жолдың астында орналасқан. Өзен тасығанда жолды су алып кетеді. Сол кезде тұрғындар көліктерін темір жолдың екінші шетіне қалдырып, ауылға жаяу қатынайды. Қарттар, жүкті әйелдер тұрады, расымен қиын болып тұр", - дейді әкім.
Республикалық маңызы бар жолдан Еңбек ауылы 2,5 шақырым жерде орналасқан. Көктемде жылда су алатын жол - ауылға апаратын жалғыз аяқ жол.
"Бұл проблема көтерілгелі 2-3 жыл болды. 1975 жылы Кеңес үкіметі тұсында ол жерде өткел болған. Бірақ ірі жол апаты болып, өткелді жауып тастаған екен", - дейді Марат Жанпейісов.
Ал Ерейментау аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы өткел проблемасы назарда дейді.
"Өткелдің жобалық сметалық құжат ҚТЖ-да келісіледі, содан кейін сараптамадан өтеді. Сосын бюджеттен ақша бөлініп, құрылыс басталады", - дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басшысының міндетін атқарушы Жанұзақ Епкенов.
Алматы облысындағы үш ауыл тау суын ішіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Алматы облысындағы үш ауыл тау суын ішіп отыр
Жаңалықтар
0