Жолаушы жол сөмкесіне салған жүк үшін 11 жылға сотталды

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматы әуежайындағы жүктер
Алматы әуежайындағы жүктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Жазылу
Сот үкімі заңды күшіне енді
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында ұсталған жолаушы жол сөмкесінен шыққан жүгі үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Сотталушы гашишті тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына келген. Сол жерде есірткіні сатуды жоспарлаған.
"Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді", - делінген ресми хабарламада.
Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты есірткіні заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған ер адамды 11 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Әліппе - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Дәптерін таза ұстамаған: қызын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0