https://sputnik.kz/20250224/astanalyq-monopolist-tarifti-tomendetuge-mindetteldi-51134870.html
Астаналық монополист тарифті төмендетуге міндеттелді
Астаналық монополист тарифті төмендетуге міндеттелді
Sputnik Қазақстан
Жауапкер қызметтер көлемін ұлғайту нәтижесінде алынған табысты заңнамада көзделген мақсаттарға бағытталмаған және тарифті төмендетуді жүргізбеген 24.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-24T16:45+0500
2025-02-24T16:45+0500
2025-02-24T16:45+0500
сот
тарифтер
https://sputnik.kz/img/old/948/93/9489372_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_c4a01aa00c46a5fab578d934a38f424b.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жылу энергиясы бойынша тарифті төмендетуге үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті орган сотқа арыз түсіріп, астаналық монополисті жылу энергиясы бойынша тарифті төмендетуге мәжбүрлеуді сұрады.Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, қызметтер көлемі ұлғайған жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифі төмендетілуі керек.Сондықтан сот монополистке қатысты талапты қанағаттандырды. Жауапкерге тарифті төмендету міндеттемесі жүктелді, ал оның пайдасы жылу желілерін дамытуға бағытталуы керек.Сот үкімі күшіне енді.
https://sputnik.kz/20250214/astanada-tarif-koteriledi-50877113.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/948/93/9489372_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7b5a03907d9da967c7a65c027ccce076.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, тарифтер
Астаналық монополист тарифті төмендетуге міндеттелді
Жауапкер қызметтер көлемін ұлғайту нәтижесінде алынған табысты заңнамада көзделген мақсаттарға бағытталмаған және тарифті төмендетуді жүргізбеген
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жылу энергиясы бойынша тарифті төмендетуге үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті орган сотқа арыз түсіріп, астаналық монополисті жылу энергиясы бойынша тарифті төмендетуге мәжбүрлеуді сұрады.
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, қызметтер көлемі ұлғайған жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифі төмендетілуі керек.
"Алайда компания тарифтерді төмендетпеген. Бұл артық пайда алуға және тұтынушылардың жоғары тариф бойынша артық төлеуіне әкеп соқты. Жауапкер қызметтер көлемін ұлғайту нәтижесінде алынған табысты заңнамада көзделген мақсаттарға бағытталмаған және тарифті төмендетуді жүргізбеген", - делінген ресми хабарламада.
Сондықтан сот монополистке қатысты талапты қанағаттандырды. Жауапкерге тарифті төмендету міндеттемесі жүктелді, ал оның пайдасы жылу желілерін дамытуға бағытталуы керек.