Астанада тариф көтеріледі

© Photo : Акимат АстаныАстанадағы қоқыс орындары
Астанадағы қоқыс орындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Жазылу
Мәслихат депутаттары сәйкес шешім қабылдады
АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Астанада қоқысты шығару және жинауға арналған тариф көтеріледі, мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады.
Мамандардың айтуынша, тариф соңғы бес жылда өзгермеген.
Бұған дейін тариф бойынша бір адам айына 390 теңге (0,78 доллар) төлеп келген.
Мысалы Алматыда тариф бір адамға 718 теңге (1,44 доллар). Тіпті 300 мың тұрғыны бар шағын қалаларда да тарифтер 500 теңгеге (1 доллар) дейін өсті, деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері.
Ал қоқыс шығару шығындары 103%-ке артқан, деп мәлімдеді басқарма басшысы Дәулет Досқұлов. Оның айтуынша, былтыр жазда қоқыс уақтылы шығарылмағандықтан әлеуметтік жағдай ушыққан.
Сондықтан келесі жаңа тарифтер ұсынылды:
абаттандырылған үйдің бір тұрғынына - 637 теңге (1,32 доллар)
абаттандырылмаған сектордың бір тұрғынына - 679 теңге (1,36 доллар).
Жаңа тарифті қабылдау сұрыптау компанияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және қоқысты сұрыптау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ полигондардың жұмысын тұрақтандырады, дейді мамандар.
Валидатор в автобусе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2024
Астанада қоғамдық көлікке арналған 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды
Жаңалықтар
0