Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды
09:20 23.02.2025 (жаңартылды: 09:52 23.02.2025)
© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане

© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Бүгін сағат 08:00 жағдай бойынша 6 облыстағы 9 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында:
"Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы"856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы:
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы"автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Қобда ауылы);
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы"автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысында:
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Мақат ауылы);
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы - Доссор ауылы);
"Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты" 3-120 шақырым аралығы (Доссор ауылы - Құлсары ауылы).
Батыс Қазақстан облысында:
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы"автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).
"Орал-Тасқала-РФ шекарасы"автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);
Жетісу облысында:
"Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).
Солтүстік Қазақстан облысында:
"Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы"846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды.