Биыл үш жаңа Қазақстан-Қытай терминалы іске қосылады

Биыл 3 жаңа Қазақстан-қытай терминалы іске қосылады
Биыл 3 жаңа Қазақстан-қытай терминалы іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
Жазылу
Сиань қаласындағы бірлескен жүк терминалы жұмысының арқасында TХКБ маршрутындағы негізгі түйін ретінде өткен жылы тасымалдау көлемі 33 есе өсті
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Сиань ҚКП Парткомының хатшысы Фан Хунвэй "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Тараптар 2024 жылы Сиань қаласының Құрғақ портынан Қытай-Еуропа бағыты бойынша 5000 астам пойыз жөнелтілгенін айтып, бұл осы бағыт бойынша барлық жөнелтілімдердің 25% құрайды және тарихи рекорд болып табылатынын мәлімдеді.
Сиань қаласындағы бірлескен жүк терминалы жұмысының арқасында TХКБ маршрутындағы негізгі түйін ретінде өткен жылы тасымалдау көлемі 33 есе өсті. Сиань қаласының құрғақ портымен серіктестікте жалпы инвестиция көлемі 200 млн доллардан асатын бірқатар халықаралық логистикалық жобаны іске асыру жалғасуда.
"Тараптар биылғы жылға арналған жоспарларды бекітті, олардың ішінде: Алматы қаласында логистикалық кешенді (ГТС-2) іске қосу, Мәскеу облысындағы Селятино станциясында жаңа CRK Terminal логистикалық орталығын ашу және Әзербайжандағы Алят портында терминалды іске қосу бар", - деп жазылған хабарламада.
Келесі жылы Свислочь станциясында (Беларусь) және Будапешт қаласында (Венгрия) логистикалық орталықтар мен терминалдар іске қосылады.
Астанада теміржол платформасында жарылыс болды: бір адам зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Астанада теміржол платформасында жарылыс болды: бір адам зардап шекті
Жаңалықтар
0