https://sputnik.kz/20250214/astanada-temirzhol-platformasynda-zharylys-boldy-bir-adam-zardap-shekti-50851800.html
Астанада теміржол платформасында жарылыс болды: бір адам зардап шекті
Астанада теміржол платформасында жарылыс болды: бір адам зардап шекті
Sputnik Қазақстан
Көрші ғимараттардың терезелеріндегі әйнек жарылған 14.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-14T08:39+0500
2025-02-14T08:39+0500
2025-02-14T08:43+0500
астана
жарылыс
вагон
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0e/50848840_0:236:1170:895_1920x0_80_0_0_9ddd1a7f4cd3aa6e7e309db297da46f8.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. БАҚ пен ғаламторда "Астанада жарылыс болды" деген ақпарат тарады.Ақпанның 14-іне қараған түні елорданың Сарыарқа ауданының тұрғындары ескі вокзал маңында қатты тарс еткен дыбысты естіген, көршілес ғимараттардың терезелерінде әйнек сынған.ҚТЖ бұл төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме таратты.ҚТЖ уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталғанын да хабарлады.Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті, зардап шеккен азаматты ауруханаға жатқызу қажет болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
https://sputnik.kz/20240623/tarazda-zharylys-boldy--45153353.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0e/50848840_0:0:1170:879_1920x0_80_0_0_775f4c2418e694b7b4414102868ac16d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жарылыс, вагон
Астанада теміржол платформасында жарылыс болды: бір адам зардап шекті
08:39 14.02.2025 (жаңартылды: 08:43 14.02.2025) Көрші ғимараттардың терезелеріндегі әйнек жарылған
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. БАҚ пен ғаламторда "Астанада жарылыс болды" деген ақпарат тарады.
Ақпанның 14-іне қараған түні елорданың Сарыарқа ауданының тұрғындары ескі вокзал маңында қатты тарс еткен дыбысты естіген, көршілес ғимараттардың терезелерінде әйнек сынған.
ҚТЖ бұл төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме таратты.
"2025 жылдың 14 ақпанында сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша контейнерде электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болған", - деді компания өкілдері.
ҚТЖ уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталғанын да хабарлады.
"ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің айтуынша, 12-ші сұрыптау жолындағы платформада контейнерде жарылыс болған. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан бір адам сынық салдарынан қолынан жеңіл жарақат алған", - деп қосымша хабарлады төтенше жағдай министрлігі.
Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті, зардап шеккен азаматты ауруханаға жатқызу қажет болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.