Қоғам

Таразда жарылыс болды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТараздағы төтенше жағдай
Тараздағы төтенше жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Жазылу
Аймақтағы газ мекемесі бұл жерден газ құбыры жүргізілмегенін, жарылыс басқа себептерге байланысты екенін мәлімдеді
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Таразда белгісіз нәрсе жарылып, оның себептері әлі анықталып жатыр, деп хабарлады taraznews.kz.
Жарылыс болған сәттің видеосын жергілікті пабликтер жариялап жатыр
Оқиға кеше кешкісін адамдар көп тұратын ауданда болған. Видеодан сол маңайдан өтіп бара жатқан балалы әйелден бірнеше метр жерде жарылыс болғанын көруге болады.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, жарылыс 5-ші шағын ауданда, №26 үйдің жанында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, газ қызметінің мамандары, ЖЭС және Тараз-Су мамандары жұмыс істеп жатыр.
Газ шаруашылығы қызметінің мамандары оқиға орнын газ талдайтын арнайы жабдықпен тексерген. Олар ауада газ қоспасы анықталмағынын айтты.
"Бұл жерден газ құбыры жүрмейді, жарылыс басқа себептерге байланысты болды. Ол себептер қазір анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жер астымен жүргізілген жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу болған", - деп хабарлады "QazaqGaz Aimaq" өкілдері.
Пожар в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2024
Тараз металлургия зауытында транформатордан өрт шықты
Жаңалықтар
0