https://sputnik.kz/20250221/tekhnikalyq-aqau-93-blogerge-zhiberilgen-salyq-turaly-khabarlama-keri-qaytaryldy-51074224.html
Техникалық ақау: 93 блогерге жіберілген салық туралы хабарлама кері қайтарылды
Техникалық ақау: 93 блогерге жіберілген салық туралы хабарлама кері қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін 594 блогер 53,3 млрд теңгеге салық төлейтіні туралы хабарлама алған болатын 21.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-21T18:42+0500
2025-02-21T18:42+0500
2025-02-21T18:45+0500
салық
блогер
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0a/34739265_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3c17b99cc700747e66a0bb4d4f714e8a.jpg
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Қазақстанда 93 блогерге жіберілген жалпы көлемі 9,8 млрд теңге салық туралы хабарлама кері қайтарылды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.Комитеттің мәліметінше, өңдеу процесі кезінде техникалық ақау болғандықтан хабарламалар жойылған.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 594 блогер 53,3 млрд теңгеге салық төлейтіні туралы хабарлама алған болатын.Блогерлерге 30 жұмыс күні ішінде "өз бетінше есептелген салықтарды төлеп, қосымша салық есебін ұсыну немесе келіспеген жағдайда түсініктеме беру" ұсынылды.Мемлекеттік кірістер комитеті табыс табуда, оның ішінде түрлі интернет-ресурстарда онлайн-жарнама орналастырғанда салық төлеу қажеттілігі Қазақстан Конституциясында көрсетілгенін екертті.
https://sputnik.kz/20250219/salyqtan-zhaltargan-blogerlerge-qatysty-qylmystyq-is-qozgala-ma--qma-zhauap-berdi-50989981.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0a/34739265_308:0:1748:1080_1920x0_80_0_0_4111e115b4e8bd01a2324eb7aa2e6552.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, блогер
Техникалық ақау: 93 блогерге жіберілген салық туралы хабарлама кері қайтарылды
18:42 21.02.2025 (жаңартылды: 18:45 21.02.2025) Бұған дейін 594 блогер 53,3 млрд теңгеге салық төлейтіні туралы хабарлама алған болатын
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Қазақстанда 93 блогерге жіберілген жалпы көлемі 9,8 млрд теңге салық туралы хабарлама кері қайтарылды, деп хабарлады
мемлекеттік кірістер комитеті.
Комитеттің мәліметінше, өңдеу процесі кезінде техникалық ақау болғандықтан хабарламалар жойылған.
"Техникалық қателік жойылған соң қайтарылған хабарламалар 93 блогерге сол сомаға қайта жіберіледі", - деді комитеттегілер.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 594 блогер 53,3 млрд теңгеге салық төлейтіні туралы хабарлама алған болатын.
"Әр түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстырғанда 594 азаматқа 53,3 млрд теңгеге салық бойынша сәйкессіздіктер анықталды. 13-14 ақпан аралығында "кірістерді төмендетуге" бағытталған заң бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді", - делінген хабарламада.
Блогерлерге 30 жұмыс күні ішінде "өз бетінше есептелген салықтарды төлеп, қосымша салық есебін ұсыну немесе келіспеген жағдайда түсініктеме беру" ұсынылды.
Мемлекеттік кірістер комитеті табыс табуда, оның ішінде түрлі интернет-ресурстарда онлайн-жарнама орналастырғанда салық төлеу қажеттілігі Қазақстан Конституциясында көрсетілгенін екертті.