Қазақстан мен Иордания цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

© Photo : Unsplash/Emiliano VittoriosiЖасанды интеллект
Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
Қол қою рәсімі цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің Иорданияға жұмыс сапары аясында өтті
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Қазақстан мен Иордания арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект, электронды үкімет, смарт қалалар және стартап экожүйесін дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қол қою рәсімі цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің Иорданияға жұмыс сапары аясында өткені айтылды.
"Жаслан Мәдиев цифрлық ынтымақтастық саласында елдерді біріктіретін негізгі халықаралық платформа – Digital Cooperation Organization (DCO) Бас ассамблеясының жұмысына қатысып, Қазақстанның жаһандық цифрлық трансформацияға ұмтылысын растады", - делінген хабарламада.
Сапар барысында Иордания, Пәкістан, Оман, Польша, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Кувейттің цифрлық даму министрлерімен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізілді. Цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, IT-стартаптарды қолдау және экономикалық өсім мен инновацияны ынталандыратын озық технологияларды енгізуге баса назар аударылды.
ЕАЭО елдерінің символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2025
ЕАЭО 10 жылда бүкіл әлем бойынша елдермен 80-нен астам меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
0