https://sputnik.kz/20250103/eaeo-10-zhylda-bukil-alem-boyynsha-eldermen-80-nen-astam-memorandumga-qol-qoydy-49725994.html
ЕАЭО 10 жылда бүкіл әлем бойынша елдермен 80-нен астам меморандумға қол қойды
ЕАЭО 10 жылда бүкіл әлем бойынша елдермен 80-нен астам меморандумға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Индонезия және БАӘ-мен сауданы нарықтандыру туралы шарттарды келісу бойынша жұмыс жүргізілуде 03.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-03T17:03+0500
2025-01-03T17:03+0500
2025-01-03T17:03+0500
еаэо
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40664669_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_190390e3e5e6c90b7ba14d4064882028.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. ЕАЭО туралы шартқа 10 жыл толды. Бұл шарт 2014 жылдың 29 мамырында бекітіліп, 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.Ресей сыртқы істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2015-2023 жылдар аралығында жалпы ішкі өнім өсіп, 2,5 триллион долларға жетті. Үшінші елдермен тауар айналымы 923 миллиард доллар болды.Шарттың мүшелері - Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Беларусь. Осы жылдар ішінде қатысушы елдер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, атап айтқанда ішкі нарық қарқынды жұмыс істеп, халықаралық байланыстар географиясы кеңейіп, өзара сауда өсуде.Он жыл ішінде Одақ халықаралық аренада маңызды рөлге айналды. Халықаралық байланыстар желісіне Вьетнаммен, Иранмен және Сербиямен еркін сауда туралы келісімдер, Қытаймен келісімдер және бүкіл әлем бойынша елдермен және бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 80-нен астам меморандум жасалды.ЕАЭО 2025 жылы БАӘ және Индонезиямен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қол қояды.Мысыр, Индонезия және БАӘ-мен сауданы нарықтандыру туралы шарттарды келісу бойынша жұмыс жүргізілуде. Байқаушы мемлекеттер Куба және Өзбекстанмен белсенді өзара іс-қимыл да маңызды рөл атқарады, деп хабарлады Ресейдің сыртқы істер министрлігі.
https://sputnik.kz/20250102/qyrgyzstanga-un-men-astyqty-eaeo-elderi-zhetkizip-otyr-49714244.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40664669_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_81f7dedc151b73c144a946a1458bc294.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, ресей
ЕАЭО 10 жылда бүкіл әлем бойынша елдермен 80-нен астам меморандумға қол қойды
Индонезия және БАӘ-мен сауданы нарықтандыру туралы шарттарды келісу бойынша жұмыс жүргізілуде
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. ЕАЭО туралы шартқа 10 жыл толды. Бұл шарт 2014 жылдың 29 мамырында бекітіліп, 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.
Ресей сыртқы істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2015-2023 жылдар аралығында жалпы ішкі өнім өсіп, 2,5 триллион долларға жетті. Үшінші елдермен тауар айналымы 923 миллиард доллар болды.
Шарттың мүшелері - Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Беларусь. Осы жылдар ішінде қатысушы елдер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, атап айтқанда ішкі нарық қарқынды жұмыс істеп, халықаралық байланыстар географиясы кеңейіп, өзара сауда өсуде.
"ЕАЭО мемлекеттері кеден саласы, кедендік-тарифтік, тарифтік емес және техникалық реттеу, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетіп, нығайтуда", - деп хабарлады министрлік.
Он жыл ішінде Одақ халықаралық аренада маңызды рөлге айналды. Халықаралық байланыстар желісіне Вьетнаммен, Иранмен және Сербиямен еркін сауда туралы келісімдер, Қытаймен келісімдер және бүкіл әлем бойынша елдермен және бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 80-нен астам меморандум жасалды.
ЕАЭО 2025 жылы БАӘ және Индонезиямен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қол қояды.
Мысыр, Индонезия және БАӘ-мен сауданы нарықтандыру туралы шарттарды келісу бойынша жұмыс жүргізілуде. Байқаушы мемлекеттер Куба және Өзбекстанмен белсенді өзара іс-қимыл да маңызды рөл атқарады, деп хабарлады Ресейдің сыртқы істер министрлігі.