Қырғызстанға ұн мен астықты ЕАЭО елдері жеткізіп отыр

© Sputnik / Артур ЛебедевМука
Мука - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, астық негізінен Ресейден, ал ұн Қазақстаннан импортталады.
Айта кетері, Қырғызстан өзін астықпен толық қамтамасыз ете алмай отыр.
2024 жылдың қаңтар-қазанында республика 234,8 мың тонна бидай импорттаған.
Жабдықтаушылар:
Ресей – 210,5 мың тонна;
Қазақстан – 24,3 мың;
Өзбекстан – 4,6 тонна.
2023 жылдың сәйкес кезеңінде 278,3 мың тонна бидай импортталды, оның басым бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінген.
Өткен жылдың 10 айында мына елдерден 22,1 мың тонна бидай және қара бидай ұны сатып алынды:
Қазақстан – 18,9 мың тонна;
Ресей – 3,1 мың тоннаға жуық;
АҚШ – 100 тонна;
Өзбекстан – 24 тонна;
Франция - 15,6 тонна;
Беларусь – 0,9 тонна;
Оңтүстік Корея – 0,2 тонна.
Өткен жылдың қаңтар-қазан айларында 28,4 мың тонна ұн импортталған.
Осылайша, Қырғызстан жетпейтін ұн мен бидайдың басым бөлігін ЕАЭО елдерінен сатып алып отыр.
Жаңалықтар
0